«ЕурАзЭҚ-тың өткен отырысы нәтижелі болды және біздің Қоғамдастығымызды дамыту мен нығайту тұрғысынан алғанда өте маңызды», - деді Э.Рахмон.
Ол Қоғамдастықтың Дағдарысқа қарсы қорынан ЕуразЭҚ қатысушы елдеріне қаржы беру фазасына көшуді оң балағалайтынын атап өтті.
Э.Рахмон Тәжікстан үшін бұл шешім әсіресе маңызды деп атап көрсетті, өйткені биылғы көктемде болған табиғи апаттары экономикаға елеулі зиян келтіріп, республикадағы экономикалық жағдайды нашарлатып жіберген болатын.