Ол сондай-ақ бірінші және екінші алматылық кездесулер барысында ұйымдастырылған техникалық кеңестің ұсынымдылығын қамтиды. Бұл туралы бүгін Алматыда Иран ядролық бағдарламасы бойынша жүргізілген келіссөздердің екінші күнінің қорытындысында Иранның Жоғарғы ұлттық кеңесінің хатшысы Саийд Джалили мәлімдеді.
«Біздің кейбір бастамаларымыз, атап айтқанда алтылықтың бірінші алматылық кездесуінде ұсынылған бастамалар өздеріңіз көріп отырғандай осы үрдіске қосымша екпін береді», - деп қосты С.Джалили. Сондай-ақ ол Иран қозғаған мәселелер мен ұсыныстар бойынша жан-жақты, кешенді келіссөздер жүргізілгендігі туралы айтып өтті.
«Алты мемлекеттің өкілдері Иран қозғаған ұсыныстар бөлігінде көптеген сұрақтар қойды. Әрине, Иран оларға тиісінше толық жауап берді. Екі тараптың көзқарасында әлі де алшақтық бар және Иран өз халқының уранды байытуға құқылы екендігін атап өтеді, сонымен бірге, ынтымақтастық рухында келіссөздердің жүргізілуін қуаттайды», - деп хабарлады Саийд Джалили.
«Келіссөздердің екі негізгі мәселесі бар, олар - Иранның уранды байыту құқығын мойындау және Иран халқына қатысты қастандық белгілеріне ие іс-қимылдың тоқтатылуы», - деп толықтырды С.Джалили.
«Бұл шындығына келгенде конструктивизм рухында алға ұмтылу мақсатында талқылауға шығарылған мәселелер. Бұл орайда алты мемлекет тарабынан олардың ұстанымдары ұсынылды, олар сондай-ақ өздерінің ұсыныстарға тиісінше бағалау жүргізуі қажет екендігін мәлімдеді. Олар өткізілген келіссөздер нәтижелерін өз астаналарына жеткізеді. Бұған қоса, К.Эштон алты мемлекеттің сыртқы істер министрлерімен кеңескеннен кейін менімен байланысқа шығады және біз бұдан әрі келіссөздерді қалай жалғастыратындығымызды талқылайтын боламыз», - деп атап өтті Джалили.
Сондай-ақ ол Қазақстанның бауырлас халқына және үкіметіне Иран Ислам Республикасы мен 3 3 арасындағы келіссөздердің екінші раундын ұйымдастыру іс-шаралары үшін алғысын білдірді.