Бұған дейін БАҚ беттерінде Қазақстан салынған санцияларды айланып өтіп, Ресейге чиптер мен дрондар тасымалдап жатыр деген ақпарат тарады.
«Мен қазір қандай компания туралы айтып отырғаныңызды білмеймін. Бірақ, қазір бізде тәуекелдерді басқарудың нақты жүйесі бар. Біз қайталама санкцияларға жол бермейміз. Оның ішінде соғыс қимылдарын ушықтыратын тауар түрлері де бар», - деп тоқталды Ерұлан Жамаубаев.
Қоса кетсек, Қазақстан қаржы секторының қайталама санкцияларға түспеуі үшін тиісті шешім қабылдады. Атап айтқанда, еліміздегі екінші деңгейлі банктер Ресейге қатысты санкция талаптарын орындау бағытында тиісті рәсімдерді күшейтті.