Біз қазақ тілді интернет сайттарды көбейтуге өз тарапымыздан қолдау көрсетеміз - Антон Артемьев

АЛМАТЫ. 18 мамыр. ҚазАқпарт - Біз қазақ тілді интернет сайттарды көбейтуге өз тарапымыздан қолдау көрсетеміз», - дейді Сорос-Қазақстан қорының басқарма төрағасы Антон Артемьев.

Ол бұл жайлы бүгін Алматыда өтіп жатқан  «Орталық Азиядағы интернет саласының дамуы InternetCA-2012» форумында айтты.

««Қазақстанда интернетті қолданушылар саны қарқынды түрде өсіп келе жатыр. Алайда қазнеттегі қазақ тілді сайттардың үлесі өте аз, олар әлі жеткіліксіз. Біз өз тарапымыздан қазақ тілді сайттарды көбейтуге қолдау көрсетеміз. Сәуір айында он-лайн медиа құруға байқау жарияладық», - дейді ол. Антон Артемьевтің айтуынша, қазір қоғамда интернеттендіру үрдісі жүріп жатыр.  Ғаламтор  желісі сананы өзгертуге  үлкен әсерін тигізуде.