Оны тек мен емес Біріккен Ұлттар Ұйымының төрағасы да жақтайды. Бұл бастамаға біздің ұйым толық қолдау білдіріп отыр», деді бүгін Біріккен Ұлттар Ұйымы төрағасының орынбасары Сергей Орджоникидзе Әлемдік және дәстүрлі діндер басшыларының III съезі барысында журналистерге берген сұхбатында, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Біз ядролық қарудан бас тарту шараларына көп болып күш салудамыз. Бұл тиісті келісімде көрсетілген басты мәселелердің бірі. Сондықтан біз осы мақсатқа ақырындап жылжи беруіміз керек. Әңгіме тек біздің ойлаған мақсатқа қалай жететіндігімізде болып отыр», деді Бас хатшының орынбасары.