«Біз бұл мейрамды жыл сайын атап өтеміз әрі Қазақстанда бізге таза ниетпен, адам көңілмен қарайды. Бізге өз тілімізді, мәдениетімізді дамытуға бар мүмкіншілік жасалған», - деді ол.
Қазақстанда дүниеге келген оның 8 баласы, 15 немересі, 10 шөбересі бар. Балаларының барлығы қазақ мектебінде білім алуда. Жалпы оның пайымынша, басқа этнос өкілдері тұрып жатқан мемлекеттің тілінде білім алуы керек. «Тараз қаласында тұрғанымызда балаларым да, немерелерім де орыс мектебінде оқыған болатын. Елордаға көшіп келгеннен кейін балаларымның, немерелерімнің, шөберелерімнің барлығын қазақ мектебіне бердім», - дейді ол.