«ДСҰ-ға мүшелік дауларды конструктивті шешу мүмкіншілігін береді. Бұл халықаралық саудада барынша тиімді болуға жәрдемдесіп, экономикалық өсімге, жұмыс орындарын құруға, халықтың кірістерін арттырып, өмір стандарттарын жақсартуға әкеледі. ДСҰ-да дауларды шешу ережесі және әрбір істе сақталуы тиіс кесте бар. ДСҰ мүшелері сот шешімін орындауы тиіс. Әрине, осы барлық тиімділіктермен қатар ДСҰ-ның ұстанымдарын да сақтау қажет», - деді ол.
Мәртебелі мейманның атап өтуінше, Канаданың ауыл шаруашылығы осынау көптарапты сауда жүйесіне енудің арқасында тұрақтылық, ашықтық сынды тиімділіктер алды. Сонымен қатар тұтынушылар нарықтағы өнімдерінің әртараптануынан пайда тапты. Қазақстан да осындай пайда таба алады.