Бұл туралы Бас Ассамблеяның отырысында қабылданған «Азияны жаңарту ғасырына» атты декларацияда айтылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Құжатта сонымен қатар, ядролық державалардың өз елдеріндегі ядролық арсеналдарды сан жағынан да, сапа жағынан да қысқартып, әлемдік қоғамдастықтың алдындағы міндеттерге үлкен жауапкершілікпен қарау қажеттігі айтылған. Сондай-ақ, «біз Ресей мен АҚШ-тың ядролық қарудан бас тарту және стратегиялық түрде барынша қарулануды шектеу жөніндегі жақында ғана жасаған келісімдерін қолдаймыз» деген пікірлер де білдірілген.