Бүгін "Нұр Отан" ХДП орталық аппаратының ғимаратында Республикалық сайлауалды қоғамдық штабтың мүшелерімен кездесуінде Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев осылай мәлімдеді.
ҚР Президенті баспасөз қызметінің мәліметінше, Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандық қоғамның бірлігін сақтау өте маңызды екеніне ерекше назар аударды. Қазақстанда әлеуметтік мәселелерді шешу және әл-ауқатты арттыру мемлекеттік саясаттың басты басымдығы болған және солай болып қала береді.
«Біз көп ұлтты қазақстандық қоғамның бірлігі мен келісімін көздің қарашығындай сақтауға тиіспіз. Бұл басты жетістігіміз, еліміз дамуының шарты. Тәуелсіздіктің 20 жылы ішінде осылай болды, болашақта да солай бола береді. Мен бұл туралы қайталаудан ешқашан шаршаған емеспін, сондықтан бұл біздің мемлекетіміз үшін өте маңызды мәселе. Өздеріңіз білесіздер, биылғы жылы біз Қазақстан халқының бірлігі күні - 1 мамырды жаңа форматта атап өтеміз. Бұған ерекше көңіл бөлу керек», - деп атап өтті Президент.