Бұл ұлық мереке игі істерді атқару мен зәру жандарға көмек қолын созуға бағытталады. Бұл туралы Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов қала қонақтары мен тұрғындарды мерекемен құттықтау барысында айтты.
«Біз дәстүр бойынша Құрбан айтты өзге де ұлт және дін өкілдерімен бейбітшілік пен келісімде қарсы аламыз. Бұл күн көмекке зәру жандарға көмектесіп, жақындарымыз бен туыстарымызға мейірімділік танытып, реніштерді кешіруге жетелейді. Бұл Құрбан айт жанымызды тазартып, әр отбасыға, әр үйге тыныштық пен шаттық сыйласын», - деді әкім.