Біз медиалық компаниялар менеджерлерінің психологиясын өзгерттік - «Арна Медиа» басшысы Е.Байжанов

p; Қазанның  23-і.  ҚазАқпарат /Айгүл  Тұрысбекова/ -  «Арна Медиа» Ұлттық ақпараттық    холдингі  медиалық  компаниялар менеджерлерінің      психологиясын өзгертті. Енді  олар тек мемлекеттік  тапсырысты  орындауға ғана емес,     ең   алдымен    қарқынды дамуға,  оның ішінде  экономикалық дамуға   бет бұрып     отыр.

Бұл туралы   бейсенбі күні Алматыда    ұлттық ақпараттық  холдингтің        алғашқы жұмыс  қорытындысына  арналған    брифингте  «Арна Медиа» акционерлік  қоғамының басқарма төрағасы  Ерлан  Байжанов   мәлім етті.    Е.Байжанов өз сөзінде,  «Арна Медиа»  құрылған бір  жылдың ішінде    холдингтің барлық   ұйымдарына   корпоративтік  басқарудың  халықаралық стандарттары енгізілгенін айтып өтті.  «Дью дилиджэнс»  амалы басталды,  оның  қорытындысы  бойынша «Арна медиа» компанияларының     нарықтық   құнының объективті  бағасы  алынатын   болады», -деді  холдинг басқармасының төрағасы.

 Оның айтуынша,  холдинг    бұқаралық ақпарат құралдарының контентін жақсарту    жұмыстарын тұрақты  өткізіп   келеді.   Жарнамалар  сатылымы енді   біртұтас сейл-хаусқа  шоғырланған.    Бұл  тек басқару  тиімділігін  арттыруға  ғана  емес,  сонымен бірге    отандық ақпараттық нарықтағы  «Арна Медиа» компаниялары  тобының  үлесін арттыруға   да бағытталып отыр.

 Брифингке  «Қазақстан» РТРК    акционерлік  қоғамының басқарма төрағасы   Жанай Омаров,  «Хабар агенттігі» акционерлік  қоғамының   басқарма  төрайымы  Гүлнәр  Ықсанова,  «Казахстанская правда»  республикалық газеті»  акционерлік  қоғамының    басқарма төрағасы    Александр Тараков,  «ҚазАқпарат» Ұлттық  компаниясы  акционерлік   қоғамының  басқарма  төрағасы   Дәурен  Дияров,    «Егемен Қазақстан»  республикалық газеті» акционерлік  қоғамының басқарма төрағасы   Еркін Қыдыр қатысты.

 Д.Дияров    өз сөзінде атап көрсеткендей,    бүгінде  интернет-ресурстар  телеарналармен тікелей бәсекелесуге  қабілетті.  «ҚазАқпарат» -   кез келген жобаны жүзеге асыра алатын  веб-портал.  «Ақпараттық агенттік ретінде  біз   онлайн режімінде     ақпарат  таратамыз және  шекарамен   немесе  тиражбен шектелмейміз», деді  ол.    Д.Дияровтың айтуынша,   агенттіктің  сайты    ең алдымен  қазақстандық  оқырмандардың   назарын  көбірек аударады, екінші  орында - АҚШ  оқырмандары, ал одан кейін  Ресей  және басқа елдер   келеді.  «Мұны  еліміздің  Еуропадағы қауіпсіздік және  ынтымақтастық ұйымына төрағалығы қарсаңында    халықаралық қоғамдастық тарапынан Қазақстанға  деген  ықыластың артып  отырғанымен   түсіндіруге  болады»,  деп  атап көрсетті «ҚазАқпарат» Ұлттық компаниясы»  АҚ басқарма төрағасы.

«Арна Медиа» Ұлттық  ақпараттық   холдингі      Қазақстанның   ақпараттық  кеңістігінің   бәсекеге қабілеттігін арттыру  мақсатында мемлекеттік  медиа-ресурстарды    тиімді басқару  үшін 2008 жылы  шілденің 3-де    құрылды. Оның  құрамына  - «Қазақстан телекоммуникациялары» (КАТЕЛКО) АҚ, «Қазтелерадио» АҚ, «Хабар» агенттігі, «Қазақстан» РТРК,  «Егемен Қазақстан»  және  «Казахстанская  правда»  республикалық  газеттері, «ҚазАқпарат»   ұлттық компаниясы,  «Жас өркен» ЖШС,  «Қазақ газеттері»  ЖШС кіреді.