«Біз өзіміздің идеологиямызды, өзіміздің ішкі әрі сыртқы саясатымызды, ең бастысы өз дәстүріміз бен дінімізді, тілімізді, әдебиетіміз бен мәдениетімізді, философиямызды қорғауға тиіспіз. Біз оларды батыл, ашық әрі мығым қорғауымыз қажет», - деді ол.
Депутаттың пайымынша, батыстық сарапшылардың қоғамды дамытудың әмбебап моделін, соған сай барлық халықтар мен елдер үшін құндылықтар жүйесін әзірледік деп өзеуреуі аңызға тең десек те болады.
Айта кетейік, форум жұмысына 110-нан астам делегат қатысты. Олар «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық жобасының негізгі құндылықтарын, этносаралық келісімнің қазақстандық моделін, сонымен қатар жаңа қазақстандық патриотизм тұрғысында халықты топтастыратын идеяның мәнін жақ-жақты талқыға салды.