«АҚШ әлемнің кез -келген түпкіріндегі азаматтық қоғамға әрқашанда саяси, моральды және қаржылай қолдау көрсететін болады. Өйткені біз ұлт ретінде бетпе-бет келетін проблемаларды азаматтық сектор ұйымдары мейлінше терең қатысқанда ғана шешуге болады деп есептейміз», - деді ол.
Бұл орайда ол ЕҚЫҰ қарсаңындағы Шолу конференциясының өте жоғары деңгейде өткендігін баса айтты.
«Біз енді саммитке дайындаламыз. Біз саммитке дайындық барысында жақсы прогреске қол жеткіздік деп есептейміз», - деді Т.Милия.