Біз серпінді индустрияландыруға дайынбыз - Ақтөбе облысының әкімі

None
АҚТӨБЕ. Желтоқсанның  30-ы.  ҚазАқпарат /Самал Ендібаева/ - Ақтөбе  облысы желтоқсанның  1-індегі  жағдай  бойынша   2009 жылдың   болжамдық көрсеткішін    орындап шықты,    биылғы көрсеткіш 2008   жылғы деңгейден     едәуір  жоғары.

Облыс әкімі Елеусін Сағындықов сейсенбі   күні     кәсіпкерлермен  үшжақты келісімге  қол қою рәсімінде   сөйлеген сөзінде,    ағымдағы  жылға    шолу жасап,     аймақтың 2010 жылдағы  даму   перспективаларын  баяндады.

Е.Сағындықов,     дағдарысқа  қарамастан,  Ақтөбе  облысының  экономикалық  дамуда   ілгерілеп  келе  жатқанын  атап көрсетті.  Келер жылға жасалып отырған болжам да  жайлы -   инвестиция 2008 жылмен салыстырғанда  25-30   пайызға өседі,  бюджеттік түсім  артады,  жаңа өндірістер  іске  қосылады,  ондаған  мың жаңа  жұмыс орындары  құрылады  деп  болжануда.

«Қазір  елде   серпінді  индустрияландыруға   бағыт  алынып отыр және біз оған    дайынбыз.  Біз бұл мәселемен    соңғы бірнеше  жыл бойы айналысып келеміз және     Елбасы  қойған міндеттерді  біз   қиналмай атқара алатын боламыз»,  деп  атап  көрсетті  әкім өз сөзінде.