Біз шетелдік кәсіпорындарда жұмыс істейтін ҚР азаматтарының құқықтары мен мүдделерін қорғайтын боламыз - К.Мәсімов

None
АТЫРАУ ОБЛЫСЫ. Маусымның 18-і. ҚазАқпарат /Қанат Құлшыманов/ - «Біздің саясатымызды Мемлекет басшысы жіті және айқын белліеп берді. Шетелдік инвесторлар кеңесінде ол өте айқын нұсқау берді және біз сол тапсырмалар ауқымында сіздермен бірге жұмыс істейтін боламыз», - ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов жер қойнауын пайдаланушы компаниялар басшыларына қарата айтқан сөзінде.

Естеріңізге сала кетейік, ҚР Үкімет басшысы Атырау облысына жұмыс сапары барысында жұма күні жер қойнауын пайдаланушы-компаниялармен шарттық мінеттерді орындау мәселелері бойынша кеңес өткізді.

«Қазақстан шетелдік инвестицияларды жақтайды және қол қойылған келісім-шарттарға кепілдік береді. Біз өте маңызды болып табылатын ел мүддесін ескеруге тиіспіз және оларды жіті және айқын жақтаймыз. Сондай-ақ біз шетелдік кәсіпорындарда жұмыс жасап жатқан Қазақстан азаматтарының құқықтары мен мүдделерін қорғайтын боламыз», - деп атап көрсетті К.Мәсімов.

Қазконтентті дамыту мәселелері біз үшін өте маңызды әрі басымдықты болып табылады, деп қосты К.Мәсімов.