Бүгін елімізде өтіп жатқан ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауы аясында бүгін елордада БАҚ өкілдеріне сұхбат берген Литва Сеймінің (Парламент) депутаты Эдмундас Пупинис осындай пікір білдірді.
«Біз сіздердің жастарыңызбен әңгімелесіп, олардың елдің саяси өміріне деген қызығушылығына куә болдық. Айтпақшы, бір қызығы, сіздерде байқаушылардың арасында жастар аз емес екен. Бұл дұрыс әрі жақсы. Өйткені жастар тек қана байқаушы болмауы керек, сонымен қатар олар мемлекеттің саяси үрдістеріне де белсенді қатысулары қажет», - деді ол.
Сондай-ақ шетелдік байқаушының пайымынша, демократиялық жүйедегі жастардың саяси білімі тек қана теорияға ғана емес, сондай-ақ практикалық тәжірибеге де негізделуі шарт.