«Біз осында келгенімізге қуаныштымыз. Біз алдағы матчтың фавориттері емес екенімізді білеміз. Австрия құрамасы - немістердің бундеслигасында өнер көрсететін өте жас ойыншылардан құралған мықты команда. Дегенмен біз тек қорғаныста жатып алмай, шабуылға шығып, тамаша ойын көрсетуге тырысамыз», деді мәслихат басында Б. Шторк.
- Сіз Австрия құрамасы жөнінде және ондағы ойыншылар туралы не білесіз?
«Алдында атап көрсеткенімдей, Австрияның бүгінгі құрамасы - жас команда. Мен олардың қатысуымен өткен матчтарды қарап шықтым. Сіздердің құрамаларың Швейцария және Хорватиямен өткізген ойында епті көрінді. Олардың ішінде Янко, Фукс және қақпашы Мачоны атап өтер едім».
- Өз құрамаларыңыз бен Австрия құрамасын салыстырып көріңізші?
Салыстыру орынсыз болар. Біз ФИФА рейтінгісінде 125-ші орында тұрмыз. Австрияда бай дәстүр мен тарих бар. Сіздердің құрамаларыңызда іріктеу сындарындағы үлкен тәжірибесі бар. Құрама футболшылары қазір 1-ші бундеслигада ойнап жүргендігін білемін, алайды жақында ғана құрама ойыншылары Германия лигасының екінші ранжирі бойынша өнер көрсетіп жүрген ойыншылар болатын. Менің жігіттеріме келетін болсақ, олардың клубтық деңгейде болсын, құрама деңгейінде болсын халықаралық тәжірибелері жетіспейді.
- Қазақстан құрамасымен өткізетін матчқа сіздердің қарсыластарыңыз негізгі құраммен әлі анықталмағандығы жөнінде не ойлайсыз?
Иә, мен ол жайлы хабардармын. Дегенмен бұл оқиға Австрия командасының мықтылығын азайтып тұрған жоқ. Біз үшін кездесу жеңіл тиеді деп ойламаймын. Түркиядан көрген жеңілісімізді көңіл-күй деңгейінде еңсеру оңайға соқпады. Сол матчта доп соғуға мүмкіндігіміз болғандығын ескергеннің өзінде. Егер біз осы матчта жеңіске жетсек - бұл үлкен тосын сый болмақ.
- Аталмыш іріктеу турында сіздердің командаларыңыз қандай мақсат қойып отыр?
Ағымдағы жылы өтетін матчтарда кем дегенде 3 ұпай жинау. Ал менің келісімшартым жыл соңында аяқталады. Егер циклдың жалпы тұжырымдамасына келетін болсақ, бізге Әзірбайжаннан асып түсу маңызды.
- Қазақстан құрамасымен жұмыс өткізуіңіздің мотивациясы неде?
Мен командада 2008 жылдан бері жұмыс жасап келемін. Қазір менде жас команда және маған бұл жігіттермен жұмыс жасаған қатты ұнайды. Бізде Ресей және Германия клубтарында ойнайтын футболшылар бар. Біз дамып келеміз - бұл жайт қатты қуантады.
- Сіздің командаңыздың кемшіліктерін атайсыз ба?
Атамаймын... (күліп)
- Түркиямен өткен кездесуге түсініктеме бере кетсеңіз?
Жеңілістен кейін мен команданың өз-өзіне келуіне, жиналуына қатты күш саламын. Сол матчта біздің күшіміз тек 70-80 пайызға ғана жетті. Ал біз бұл матчта барлық 100 пайызға дайын болуымыз міндетті еді. Алдағы кездесуге біз психологиялық тұрғыда дайындалып жатырмыз.
- Зальцбургтегі ойынға құрама форварды Остапенконы неге алмадыңыз?
Ол өзінің өнер көрсететін клубы «Локомотивтің» қол астына кетті. Оның жаттығу және ойын процесіне деген қарым-қатынасы маған ұнамайды. Сондықтан Остапенко бізбен бірге Австрияда болмайды деп шештім.