Компания басшысы атап көрсеткеніндей, бүгінде әлемдік атом өндірісі жан-жақты зерттеліп, оған қатысушы ірі компаниялардың қызметі тереңдей зерделеніп отырады. «Біз де, өз кезегімізде қол қусырып отырған жоқпыз. Мәселен, қазіргі кезде біз термоядролық реакторға қажетті барлық материалдарды шығара аламыз», деп атап көрсетті В. Школьник.
Сондай-ақ оның мәлімдеуінше, «бүгінгі таңда Қазақстан жерінде 10-20-50 кВ-тық 1 мыңға жуық жел электр стансасын орнату қажет. «Бұл шалғай жерлердегі елді мекендерді электр қуатымен қамтамасыз етуге мүмкіндік бермек», деді В. Школьник.