12:22, 12 Маусым 2009
«Біз Үкіметті өз активтерін тұтас тексеруге шақырамыз» - Шетелдік инвесторлар кеңесінің мүшесі М.Мегалли
ҚОСТАНАЙ. Маусымның 12-сі. ҚазАқпарат /Мұратбек Мақұлбеков/ - Қостанайда өтіп жатқан Шетелдік инвесторлар кеңесінің ХХІ пленарлық мәжілісінде «Джей Пи Морган» компаниясының басқарушы директоры Мурад Мегалли сөз сөйледі,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Оның айтуынша, қазіргі уақытта шетелдік инвесторлар тарапынан Қазақстанға деген ықылас біртіндеп жанданып келеді. Жекелеген ұлттық компаниялар халықаралық қаржы нарықтарына бірінші болып шығу мүмкіндігіне ие болады және бұл жағдай оларға бұқаралық және жеке форматта акционерлік капитал тарту мүмкіндігін береді. Заемдық қаржыландырудан айырмашылығы сол, акционерлік капиталдың белгіленген өтеу мерзімі жоқ және бұл жағдай осы қаржыларды Қазақстанның әлемдік сахнадағы бәсекелестік ұстанымын жақсартуға бағытталған жобаларға салуға мүмкіндік береді. «Қазіргі уақытта Қазақстан бірнеше экономикалық циклға есептелген дамудың ұзақмерзімдік өз стратегиясын белсенді жасап жатыр. Дәл осы кезеңде біз Үкіметті түрлі сектордағы өз активтеріне тұтас тексеріс жасауға шақырамыз. Бұл талдау шарасының мақсаты ? мемлекеттің оларды тиімді бақылау мүмкіндігінің әсерін төмендетпей, жеке капиталдың қатысуы немесе қатысу үлесінің өсуі оң әсер ететін компаниялар мен жобалардың тізімін анықтау болмақ»,- деп атап көрсетті Джей Пи Морган» компаниясының басқарушы директоры Мурад Мегалли.