деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Бұған дейінгі газ дағдарысы кезінде Болгария елінің үлкен экономикалық-әлеуметтік тығырыққа тап болған елдердің бірінші легінде болғандығы туралы еске салған Т.Трайков, «қазіргі уақытта Болгариядағы барлық газ қоймалары толтырылуда. Онда 5-6 айға жететін газ қоры бар. Бүгінгі таңда осы қоймаларды күн сайын толықтыру жұмыстары атқарылып жатыр. Сондықтан біз Украина мен Ресей арасындағы кезекті газ мәселесіне дайынбыз», - дейді Т.Трайков.
Министрдің атап көрсеткеніндей, таяу болашақта Болгария 2020 жылға дейінгі энергетиканы дамыту стратегиясын қабылдамақ.