Біз үшін Астана екінші үйіміздей - елорда қонағы

АСТАНА. ҚазАқпарат - Арнайы Астана күнін тойлауға келген елорда қонақтары да ҚазАқпаратқа жүрекжарды лебіздерін білдіруде. Солардың бірі -Василий Федотенко елорданың жетістіктері Қазақстанның қарышты дамуын көрсететінін айтты.

«Астанаға өзім тұратын Павлодардан келген сайын таң-тамаша боламын. Мұнда жүріп жатқан құрылыс қарқыны өте күшті. Бүгін біз мерекелік демалысымызды пайдаланып, отбасымызбен бірге елорда күнін тойлауға келдік. Біз үшін Астана екінші үйіміз сияқты. Сондықтан мұнда жиі келеміз. Кішкентай немерем «Бәйтерек» маңындағы субұрқақтардың қасында ойнағанды өте жақсы көреді», - дейді В.Федотенко.