деп хабарлайды ҚазАқпарат.
"Қоғамды жетілдіру үшін міндетті түрде адамды, қоғамдық қатынастарды жетілдіру керек. Дүниенің ақиқаты біздің жүрегімізде. Өзімізді, санамызды жетілдіру арқылы біз кемел адамға жетеміз. Ұлттық құндылықтармызды бойымызға толық сіңіргенде ғана бәсекеге қабілетті боламыз. Біз Ясауи әлемінің есігін енді ғана аштық, оған кірген жоқпыз. Ясауи жолы - өзіңді танысаң Алланы танисың. Оны зерттеу енді ғана басталды деп айтуға болады", дейді Философия және саясаттану институтның директоры Әбдімәлік Нысанбаев. ҚР ҰҒА академигі, философия ғылымының докторы Әбдімәлік Нысанбайұлының айтуынша, қазір шын мәніндегі түркі әлемі жоқ. Өйткені кейбір елдер арасында қайшылықтар бар. Әлем болу үшін біртұтас болу керек. Қорқыт бабамыз Түркі қағанаты ыдырап, бірлік кетіп бара жатқанын жылап айтқан екен. Содан бері әлі күнге дейін түркі елдерінде ішкі бірлік қалыптасқан жоқ.
"2004 жылы басталған "Мәдени мұра" бағдарламасы аясында Философия және саясаттану институты ақыл- ой жауһарлары туралы 50 том еңбек шығарды. Оның 20-сы көне заманнан бүгінге дейінгі қазақ халқының философиялық мұралары. 20-сы әлемдік философиялық мұра, ал 10-ы Әл- Фарабидің шығармалар жинағы. Кеңес дәуірінде бізді қазақта 4-ақ философ бар. Олар - Әл-Фараби, Абай, Ыбырай және Шоқан деп үйретті. Қазір қарасақ, көне заманан бүгінгі кезеңге дейінгі аралықта керемет мұралар бар екен. "Мәдени мұраны" биыл Елбасы стратегиялық ұлттық жоба деп атады. Бұл шынында да солай. Егер біз Ясауи мұрасын бойымызға сіңірсек, дәулетті де сәулетті ел болатынымыз күмәнсіз", дейді Қазақтың әл-Фараби атындағы ұлтық университетінің профессоры Әбдімәлік Нысанбаев.