деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Біз Өзбекстанның ШЫҰ- ға төрағалығын оң бағалаймыз. Ағымдағы жылдың маусым айында Ташкенттегі самиттен кейін төрағылықтың Қазақстанға өтетіндігін ескере отырып, біз ШЫҰ- ның сабақтастығын жақтаймыз. Қазақстан АӨСШК- нің қазіргі төрағасы ретінде осы үдеріске, ағымдағы жылдың маусым айында Ыстамбұлда өтетін Ұйымның саммитіне өзбек тарапы қатысады деп үміттенеді», деді Н. Назарбаев.
Елбасы Қазақстанның өңірдегі елдердің барлығы сияқты Ауғанстанның орнықты дамуына мүдделі екендігін атап көрсетті. «Ауған проблемасын өңірдегі шектес мемлекеттердің қатысуынсыз шешу мүмкін емес», деді Қазақстан басшысы.