қорытындылары» атты жалпыұлттық телекөпір шарасы барысында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев аталған нысанның іске қосылуына рұқсат берді. «Хошиісті көмірсутек өндірісі кешені жылына тауарлық бензин үшін жоғары октанды ресурстар, сонымен қатар мұнай химиясы саласы үшін базалық шикізат - 133 мың тонна бензол мен 496 мың тонна параксилол өндіретін болады. Біз құрылғыны сынаққа қосуға дайынбыз», - деген «АМӨЗ» ЖШС-нің бас директоры Қайрат Оразбаев Елбасынан кешенді сынаққа қосуға рұқсат сұрады.
«Дағдарыс, мұнай мен газ бағасының төмендеуі жағдайында өңдеу қиындықтан шығу жолы болып табылады. Біз мұны тезірек жасасақ, дамитын боламыз. Бәрібір де бізге жаңа мұнай өңдеу зауытын салу керек. Дайын өнімді көптеп шығару қажет", - деген ҚР Президенті кешенді іске қосуға рұқсат берді.