Бұл туралы ол «Қазақстан Республикасының Жер ресурстарын басқару агенттігіндегі жемқорлықпен күрес» атты тақырыпта өткен семинар-кеңес барысында мәлім етті.
Оның пікірінше, жер қатынастары саласындағы жемқорлықпен байланысты әрекеттерді сараптай келгенде, осы әрекеттер жүйелі түрде жүзеге асырылып жатқандай әсерде қаласың.
«Кей жағдайда тіпті жай ғана инспектордан бастап, жоғары басшылардың өздеріне дейін осы іске қатысты болып шығады. Ал бұны жасап жатқан өзге біреулер емес - өзіміз. Осының барлығы бізде жемқорлықпен күрестің жүйелі түрде жүргізілмей келе жатқандығының белгісі. Бұл заң талабы. Соған қарамастан біз оны талапқа сай атқара алмай отырмыз»,-деді агенттік төрағасы.