Бүгін Астанадағы Бейбітшілік және келісім сарайында Қазақстан халқы Ассамблеясының XVI сессиясның ашылуында сөз сөйлеген Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев осылай мәлім етті.
Президенттің атап өтуінше, жалпы халықтың ерік-жігерімен дүниеге келген Ассамблея беделді конституциялық органға айналып отыр. Ол құрылған күннен бастап ел және халық алдындағы жауапкершілігін көрсете білді. 1995 жылы Ассамблея бүкілхалықтық референдумда еліміздің негізгі заңының қабылдануына қолдау көрсетті.
«Бүгін Конституция мен Қазақстан халқы Ассамблеясы тек қана тетелес емес. Бұл тұрақтылық, жаңару, гүлденудің ірге тасына айналған екі ұлы құндылық. Ассамблеяны құру арқылы біз өзіміздің ұлттық бірлігімізге өзіндік жол таптық»,- деді Елбасы.
Бұл орайда этникааралық және конфессияаралық кеңдіктің құқықтық базасы құрылғанын баса айтқан Елбасы: «Ол өзіне діни сенім бостандығы туралы, тіл туралы, қоғамдық бірлестіктер, Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы заңдар жүйесін қосады. Бізде этностардың құқығын кемсітетін бірде-бір заң жоқ,- деді Н. Назарбаев.