Бұл туралы бүгін Алматыда өткен "Мүмкіндігі шектеулі жандарға, оралмандарға және ішкі мигранттарға көмек контексіндегі бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі" деп аталатын дөңгелек үстел жиынында айтылды.
" Нарықтық қатынастарды дамыту кезінде жекеменшік институт ретінде қалыптасты. Онда арнайы заңдар, құрылымдар және онымен айналысатын адамдар бар. Бізде бірақ қайырымдылық институты әлі дамымаған. Адамдар бұл бағытта жұмыс істегенді қалайды. Қайырымдылық ұйымдары, қорлар бар, әйтсе де институттық үлгіде әлі рәсімделмеген. Соңғы жылдары бұл бағытта түрлі басқосулар болып, қайырымдылық қызметті заңдық жағынан қамтамасыз ету мәселесі көтеріліп жүр", дейді Әлеуметтік қызметкерлер, мүгедектер жне еріктілер қауымдастығының президенті Гүлнұр Хакімжанова.
Оның айтуынша, бұл сауалдарды қандай да бір жолмен реттеу керек. Бізге - "Меценаттық туралы", "Қайырымдылық туралы" заңдар қажет. Ол 2005 жылдан бері талқыланып келе жатыр. Дегенмен әзірге күшті бір бағытқа шоғырландыруға қол жеткізілген жоқ.