Бұл туралы бүгін ғылым күні қарсаңында өткен мерекелік жиында ҚР Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов мәлім етті.
Оның сөзіне қарағанда, ғылыми-инновациялық байқауға түскен жұмыстардың саны 400-ден асты. «Қазіргі кезде нақты 170 инновациялық жоба әзірленіп болды. Олардың 30-дан астамы іске асыруға даяр. Бұл біздің ғылыми ортаның инновациялық экономикаға бейімделе алғандығын көрсетсе керек», - дейді Б.Жұмағұлов.