Бұл туралы Қазақстандағы Египет Елшілігінің мәдениет және білім жөніндегі атташесі Ашраф Дарвиш бүгін Алматыдағы Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясындағы Наурыз мерекесін тойлау кезінде айтты.
«Египетте Наурыз мерекесі 25 сәуір күні атап өтіледі. Мен Қазақстандағы Наурыз тойына биыл тұңғыш рет қатысып отырмын. Оған біз де өз үлесімізді қосып, ұлттық биіміз бен асымызды ұсынбақпыз. Барша қазақстандықтарға Египет Елшісі атынан ыстық ықыласымды білдіріп, ізгі тілегімді айтқым келеді. Наурыз - баршаңызға тек жақсылық әкелсін», - дейді А.Дарвиш.
Мәдени орталық директорының сөзіне қарағанда, Қазақстандағы сияқты Мысыр елінде де Наурыз мерекесінде халықтың ертеден келе жатқан ұлттық салт-дәстүрі орындалады. Мәселен боялған жұмыртқалар жеу әдеті мұнда сонау перғауындар дәуірінен қалған.