«Бізге республиканың түкпір-түкпірінен жас зілтеміршілер келіп жатыр. Өзіңіз көрдіңіз ғой, Лондон Олимпиадасында Алмас Өтешев, Анна Нұрмұхамбетова сынды спортшылар үздік ондыққа еніп, 5-7-інші нәтижелерді көрсетті. Міне, осындай жас спортшылар бір жылдан кейін Әлем чемпионаттарында жүлделі орындар үшін таласа алады. Сондай-ақ бізде Жазира Жаппарқұл және Ибрагим Берсановтар бар. Олар жастар арасындағы соңғы Әлем чемпионатында алтынмен апталған болатын. Осындай зілтемірші қыз-жігіттер көп. Лондоннан кейін олардың бәрі Әлем чемпионатында, тіпті Олимпиадада да жеңіске жетуге болатындығын әбден түсінді», - дейді А.Ни.
17:47, 23 Тамыз 2012
Бізде резерв бар - А.Ни
АСТАНА. 23 тамыз. ҚазАқпарат - Бүгінгі таңда бізде жас атлеттердің резерві қалыптасып келеді. «ҚазАқпарат» тілшісіне сұхбат берген ауыр атлетика бойынша Қазақстан құрамасының бас бапкері Алексей Ни осылай айтты.