Бізде ситуациялық лидерлер көп – Ерлан Қарин

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ұлттық қоғамдық кеңестің хатшысы Ерлан Қарин жаңадан құрылған ұйымның бұған дейінгі диалог алаңдарынан айырмашылығы неде болатынын түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Орталықкоммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында БАҚ өкілдерінің сауалынажауап берген Ерлан Қарин ұйымның бұған дейін жұмыс істеген диалог алаңдарынанауқымдылығымен ерекшеленетінін атап өтті.

«Кейбір сарапшылардыңәлеуметтік желілерде Ұлттық кеңесті бұған дейін құрылған диалог алаңдарыменсалыстырмалы түрде талдап жатқанын мен де байқадым. Бұл теңеулер дұрыс емес.Себебі ол алаңдар нақты бір мәселе төңірегінде құрылған уақытша диалогалаңдары болатын. Мысалы, Жер комиссиясы жер туралы заңнамаға өзгерістер енгізумақсатында құрылған алаң болатын. Ал бұл (Ұлттық кеңес - авт.) тұрақты түрде жұмыс істейтін консультативтіккеңес органы болады. Президентке үнемі қоғамдағы әртүрлі алаңдататынмәселелерді ескеруге, қоғам өкілдерімен тікелей диалог арқылы пікір алмасубарысында тиісті бастамаларды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін болады», - дедіол.

Ұлттық кеңесхатшысы ұйымның құрамын анықтау кезінде тұрақты түрде қоғамдық мәселелерменшұғылданған, өз саласының мамандарын тартуға басымдық берілгенін айтты.

«Қазір біздеситуциялық лидерлер көп. Ал біз тұрақты түрде елмен жұмыс істеп жүргенадамдарды тартуға тырысты. Сонымен қатар оның өз саласындағы біліктілігі деескерілді. Тек «күйіп тұрға тақырыптармен» ғана шұғылданбай, өз мақсаты менміндетін айқын атқаратын адамдарды топтастыруға тырыстық», - деді Ерлан Қарин.


Еске сала кетсек, бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі туралы Жарлыққа қол қойды. Сондай-ақ кеңестің құрамына кімдер енгені белгілі болды.


Соңғы жаңалықтар