Бізде ұлтжандылық жетіспей жатыр - Амангелді Айталы

АЛМАТЫ. Қаңтардың 22-сі. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Мемлекет құраушы ұлтқа ешқандай елде балама болмауы керек.

Кеше Алматыда тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын әзірлеу жөніндегі жұмыс тобының отырысында осылай айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бізге ұлтжандылық, ашық әңгіме жетіспей жатыр", дейді Қазақ гуманитарлық заң университетінің профессоры Амангелді Айталы. Философия ғылымы докторының айтуынша, ең алдымен осы мәселені ашып алмай, тіл саясаты алға баспайды. Сондықтан мемлекет құраушы ұлттың тіліне басымдық беру - стратегиялық мақсат болуы керек.