Бізде жұмыс жасайтындардың 60-70 пайызы жоғары білімді - «Алтын орда» базары директорының орынбасары

None
АЛМАТЫ. 1 тамыз. ҚазАқпарат - Егер мемлекет өндіріс орындарын салып, жұмыс орнын ашса, базарда жұмыс жасайтындар өндіріске барады.

Алматыда өткен «Көлеңкелі экономика және көшедегі базар: мүмкіндіктері мен әлеуметтік-саяси және экономикалық тәуекелдері» деп аталатын конференцияда осылай айтылды.

«Біздің базарда жұмыс жасайтындардың 60-70 пайызы жоғары білімді. Бұл жоғары оқу орындары дайындаған дипломды мамандар  жұмыс таба алмағандықтан базарға келіп өзін-өзі жұмыспен қамтамасыз етіп отырғанын көрсетеді», дейді - «Алтын орда» ЖШС директорының орынбасары Алтай Маусымбай. Оның айтуынша, базар басшылары кім қанша тауар әкеліп, қанша тауар сатқанын ешқашан санамайды. Статистикалық агенттік тарапынан да оларға ешқашан мұндай сауал қойылған жоқ. Сондықтан базарлардағы тауар айналымы туралы мәліметтер шындыққа сай келмейді.