Бұл саясатты жүзеге асыруда Қазақстан әйелдері сенімді күш бола білді. Өйткені, олар ел Президентінің жарқын ісіне сенетін. Біз ұрпағымыз мен халқымыздың болашағы үшін бас қосып, келелі мәселелерді талқылағалы отырмыз. Мемлекет болашағы жолындағы өзіміздің ортақ іске үлес қосқымыз келетіндігін және бұл үшін күш біріктіруге дайын екендігімізді білдіру үшін бүгінгі жиында бас қосып отырмыз», деді «Республикалық әйелдер кеңесі» қоғамдық бірлестігінің президенті, медицина ғылымдарының докторы Нина Каюпова, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Оның айтуынша, «Республикалық әйелдер кеңесі» қоғамдық бірлестігі өзі құрылып қызмет ете бастаған уақыттан бері Елбасының саясатын қолдап келеді. «Біз өзіміздің ұстанымымыз бен бағытымыздан айныған емеспіз. 1992 жылы Алматыда өткен Еуразиялық конфереция ТМД-ға мүше мемлекеттердегі әйелдер ұйымының альянсын құру бастамасының негізін қалады. Ал біздің ұйым оның мүшесі болды. Қазақстан әйелдерінің ұйымдары құрыла бастаған уақыттан бері Мемлекет басшысы әйел азаматтарға қоғамның беріктігі мен ұрпақ жалғастығын қамтамасыз етуші ретінде үлкен маңыз беріп келеді. Президент жанындағы Әйелдер ісі және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия заман талабына сай атауының өзгеріп отыруына қарамастан, әйелдердің қоғамдағы рөлін арттыруда маңызды істер атқаруда. Бізде өз ісін абыроймен атқара білетін адал, білікті де білімді әйел азаматтар аз емес. Осыған орай бізді бүгін біріксек, бірлесіп қызмет етсек деген үміт алға жетелейді», деді қоғамдық бірлестік президенті.