Бізді сайлау учаскелері мүшелерінің ақ пейілділігі қайран қалдырды - нидерландық бақылаушы

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Бізді сайлау учаскелері мүшелерінің ақ пейілділігі, олардың сайлаушыларды сондай бір ақ көңілмен қарсы алуы бізді қайран қалдырды.

Бұл туралы бүгін Алматыда ҚР Парламенті Мәжілісі мен әр түрлі деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының сайлауына қатысты өткен баспасөз мәслихаты барысында Нидерланды елінен келген халықаралық тәуелсіз байқаушы Хендрик Франкен мәлімдеді.

«Біз бүгін Алматы қаласында оннан астам сайлау учаскелерін араладық. Сонда бізді қайран қалдырғаны, сайлау учаскелері мүшелерінің сайлаушыларды сондай бір ақ пейілмен, зор қуанышпен қарсы алып жатқаны болды. Біз бұған өте риза болдық. Сайлауға дайындық науқаны барысы жайында ештеңе айта алмаймыз. Өйткені, Қазақстанға бүгін ғана келдік. Сондықтан, бүгінгі өткізіліп жатқан шараға қатысты айтар болсам, сайлау лайықты дәрежеде, халықаралық стандарттарға сай өткізіліп жатыр», - деді Хендрик Франкен.