Бізді үлкен өзгерістер күтіп тұр – Айдос Үкібай

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Nur Otan партиясының алдында үлкен міндеттер тұр. ҚР Тұңғыш Президенті-Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Twitter-дегі парақшасында осылай деп жазды.

«Бүгін Nur Otan партиясыныңСаяси кеңесінің кеңейтілген отырысы өтеді. Шараға Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтөрағалық етеді. Партия алдына үлкен міндеттер қойылмақ. Бізді үлкенөзгерістер күтіп тұр»,-деп жазды Айдос Үкібай.

Естеріңізгесала кетсек, 16 тамызда «Nur Otan» партиясының лидері Нұрсұлтан Назарбаев 21тамыз күні Үкіметтің, партияның Парламент Мәжілісіндегі фракциясының және өңірбасшыларының қатысуымен өтетін партияның Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысыншақыру туралы қаулыға қол қойған болатын.

Сол күніҚазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Nur Otan» партиясының Саясикеңесі Бюросының отырысын өткізіп, партияластарының алдында қандай міндеттертұрғанын атаған еді.

Отырысбарысында партия бағдарламаларының орындалу барысы мен алдағы кезеңге арналғанжұмыстың басым бағыттары қаралды.

Елбасы барлықазаматтарды мемлекеттің өткір әлеуметтік-экономикалық проблемаларын шешу үшінпартияға қосылуға шақырды. Ел аймақтарындағы азаматтардың проблемаларын шешуде«Nur Otan» партиясының жұмысын жандандыру қажеттігін атап өтті. Сонымен қатар,«Nur Otan» партиясының төрағасы Қоғамның партияға сенімін арттыру мақсатындаақпараттық-идеологиялық стратегияны қабылдаудың маңыздылығына назар аударды.

Соңғы жаңалықтар