Біздің бәрімізді бүгін мәңгілік шуағымен нұрландырған Пасха салтанаты біріктіреді - Астана мен Қазақстанның митрополиті Александрдың Пасха мейрамына орай құттықтауы

АСТАНА. 14  сәуір. ҚазАқпарат - Біздің бәрімізді бүгін  мәңгілік шуағымен нұрландырған Пасха салтанаты біріктіреді. Бұл туралы Қазақстан Республикасы митрополия округінің басшысы, Астана және Қазақстан митрополиті Александрдың Пасха мейрамына орай жолдауында айтылған.

«Қазақстан жеріндегі бауырлар! Сіздердің бәрііңізді Қасиетті мереке - Пасха мейрамымен құттықтаймын!», - делінген митрополиттің бүкіл діндар христиан жұртына арнаған құттықтауында. - Біздің бәрімізді бүгін  мәңгілік шуағымен нұрландырған Пасха салтанаты біріктіреді».

Пасха күндері ежелгі игі дәстүрлерді еске сақтау маңызды: мерекені салтанатпен атап өте отырып, қуанышты мұқтаж адамдармен, тағдырдың жазуымен бақытсыздыққа ұшыраған, ауру және жалғызілікті туыстармен бөлісуміз қажет.  Жаратқанның жазуымен  талай сорлылардың қанымен боялып, игілік үшін күрескен  Қазақстан жерінде біз тату-тәтті өмір сүріп жатырмыз, біздің қасиетті парызымыз олардың ізгілікті істерін есте сақтаумен қатар, біздің киелі жәдігерліктерімізді сақтау болмақ. Осынау Пасха күндері сіздермен қуанышты хабармен бөліскім келеді: ағымдағы жылғы мамыр айында қасиетті миссиямен Орыс Православ Шіркеуінің басшысы, Қасиетті  Мәскеу және бүкіл Ресей Патриархы Кирилл Қазақстан жеріне сапармен келеді. Қасиетті дінбасымыз елордамыз - Астанада болып, дін басшыларымен, ел Президенті Н.Ә.Назарбаевпен кездеседі.

Биылғы жылы мамыр айында сондай-ақ Керкир аралынан Грекиядан қасиетті Спиридон Тримифунтскийдің жәдігерлігі Қазақстан жеріне жеткізіліп, еліміздің барлық епархиясында діндар қауымның қауышуына мүмкіндік туады, делінген митрополит Александрдың мерекеге орай жолдауында.

Митрополит бүкіл Қазақстан халқын, православ дінінің жамағатын қасиетті Пасха мерекесімен құттықтап, әр отбасына ізгілік пен бақыт тіледі.

Пасха - иудейлк және христиандық діни мереке. Пасха иудей дінінде еврейлердің Мысырдан кетуіне орай атап өтіліп, Мессияның келуін күту идеясымен ұштастырылады. Христиан дінінде Иса (ғ.с.) пайғамбардың «қайта тірілетін» күні ретінде тойланады. Көктемгі күн мен түннің теңесуінен соң алғашқы жексенбіде атап өтіледі.

Бүгін түнде Иерусалимде, Мәскеуде және басқа да христиан жамағаттары тұратын елдерде, сондай-ақ Қазақстандағы барлық шіркеулерде құлшылық рәсімдері  өткізіліп, уағыздар айтылады, литургия оқылады..