АСТАНА. 24 сәуір. ҚазАқпарат - Біздің бірлік формуламыз нақты істер төңірегінде қалыптасады. Бұл туралы бүгін елордадағы Бейбітшілік және келісім сарайында өтіп жатқан «Қазақстан - 2050» стратегиясы: бір халық - бір ел - бір тағдыр» атты күнтәртібіндегі Қазақстан халқы Ассамблеясының мерейтойлық 20-шы сессиясында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтты. «Біздің бірлік формуламыз нақты істер төңірегінде қалыптасады. Біз барлығымыз бірге индустрияландыру бағдарламасын жүзеге асырамыз, әлеуметтік жаңғыруды жүргіземіз»,-деді Елбасы.
Мемлекеттік басшысының пайымынша, бұл Қазақстан халқы бірлігінің мығым, материалды негізі болып табылады.
«Мен, әрбір азамат меншік иесі болған кезде қоғамдық келісім іске қосылатындығына мығым сенімдімін. Сондықтан да, мен Үкіметке халықтық IPO бағдарламасын жүзеге асыруды тапсырдым. Ассамблея бұл бағдарламаны түсіндіруге белсенді қатысуда. Бұл өте маңызды жалпы халықтық іс. Оны жалғастыру қажет»,-деді Н. Назарбаев.
Марлан Жиембай
Абай облысының Аягөз ауданында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология факультетін бітірген. 2005 жылдан бері "ҚазАқпарат" халықаралық ақпарат агенттігінде жұмыс істейді.