Біздің екіжақты қарым-қатынастарымыз барынша нығаюы үшін бар мүмкіншілігімді жұмсаймын - ҚР-дағы Эфиопияның бірінші елшісі

АСТАНА. 6 маусым. ҚазАқпарат - Біздің екіжақты қарым-қатынастарымыз барынша нығаюы үшін бар мүмкіншілігімді жұмсаймын.

Бүгін Ақордада ҚР Мемлекеттік хатшысы Мұхтар Құл-Мұхаммедке сенім грамотасын тапсырғаннан кейін БАҚ өкілдеріне сұхбат берген Эфиопия Демократиялық Федерациясының Елшісі Мулат Тешоме осылай деді.

Қазақстанның табиғи ресурстарға бай әрі өнеркәсібі жолға қойылған ел екендігін баса айтқан ол: «Эфиопия да реустарға бай және ауыл шаруашылығы дамыған ел болып табылады. Бұл ретте біздерге бір-бірімізден үйренетін тұстар бар», - деді.

Сонымен қатар М.Темоше өзінің Қазақстан мен Эфиопияның дипломатиялық қарым-қатынастары тарихындағы алғашқы елші екендігін баса айтты.

«Біздер, әсіресе, экономикалық салада барынша әріптестікті орнатамыз деп үміттенемін. Екі елдің бизнес өкілдері бір-бірлерін барынша тани түсуі үшін, біздердің екіжақты қарым-қатынастарымыз дамуы үшін БАҚ өкілдері өз үлестерін қосады деп сенемін», - деді дипломат.