Н.Назарбаев атап өткендей, біздің еліміз әлем мемлекеттері арасынан алғашқы болып атомдық қарудан бас тартты, әлемдегі ірі Семей полигонын тоқтатып, жаһандық ядролық сұхбаттың белсенді мүшесіне айналды.
«Бүгінде Қазақстан БҰҰ-ға ядросыз әлем туралы арнайы Декларацияны қабылдауды ұсынып отыр. Негізгі заңымыз Қазақстан сыртқы саясатының үйлесімділік, өлшемділік, көпбағыттылық сияқты басты мақсаттарын бекітті», - деді Мемлекет басшысы.