Біздің еліміздің шығысындағы шекараның іргесі берік
18:35, 26 Қаңтар 2009
ӨСКЕМЕН. Қаңтардың 23-і. ҚазАқпарат /Людмила Малько/ – «Біздің еліміздің шығысындағы шекараның іргесі берік», – деп мәлімдеді Шығыс Қазақстан облысының әкімі Әділғазы Бергенов Зайсан шекарашылар жасағының «Шет-ласты» шекарашылар заставасында болған кезінде,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Аймақ басшысымен бірге заставада ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті шекара қызметі «Шығыс» аймақтық басқармасының бастығы генерал-майор Шынтас Өтепов болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Шекарашылардың бүгінгі өмірі туралы қолбасшыға баяндай отырып, шекара заставасының бастығы Рүстем Якупов соңғы жылдары учаскедегі жағдай айтарлықтай жақсарғанын атап өтті. Бұл орайда, әңгіме тек заставаның материалдық-техникалық жағдайын қамтамасыз ету тұрғысына ғана қатысты болып отырған жоқ, аймақтың атқарушы билігінің және жергілікті халықтың жан-жақты қолдауы жөнінде болып отыр.«Көмек көрсетіледі», ? деді облыс әкімі заставада болған кезінде. Оның тапсырмасы бойынша ақпанның екінші онкүндігінде ШҚО-ның ең үздік шығармашылық ұжымдарынан жасақталған үгіт пойызы аймақтың барлық заставалары бойынша өздерінің гастролдерін бастайды. Ал осы уақытқа орай Зайсан, Күршім және Тарбағатай аудандарының әкімдері шекарашылар үшін айтарлықтай бағалы сыйлықтар ? кітаптар мен DVD-дискілер даярлауда.