Біздің ең басты мақсатымыз - 2050 жылға қарай әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына кіру - Н.Назарбаев

АСТАНА. 14 желтоқсан. ҚазАқпарат - Біздің ең басты мақсатымыз - 2050 жылға қарай әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына кіру. Бұл туралы бүгін елордадағы «Астана Опера» жаңа мемлекеттік опера және балет театрында Қазақстан халқына Жолдау арнаған Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтты.

«Біздің ең басты мақсатымыз - 2050 жылға қарай әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына кіру. Бізде ол үшін мүмкіншілік те, ресурс та, білімді адамдар да, берекелі ұлт та бар», - деді Мемлекет басшысы.

Осы ретте еліміздің 2050 жылға дейінгі стратегиясының негізгі ережелерін жан-жақты баяндап берген Елбасы ертең оның бұқаралық ақпарат құралдарында жарық көретіндігін баса айтты.