Кеше Ақордада республикалық БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев осылай мәлімдеді.
«Бұл біздің ауылдарымызды гүлдендіру мен дамуытуға серпін береді», - деп атап өтті Президент.
Елбасы ауылды өркендету Қазақстанды дамудың 2020 жылға дейінгі стратегиялық бағдарламасындағы маңызды міндеттердің бірі екенін атап өтті. «Соңғы 5 жыл ішінде ауылды көркейтуге арналған бағдарламаларға республикалық бюджеттен 670 миллиард теңге бөлінген. Бұл қаражаттың 2005 жылғымен салыстырғанда 4 есеге жуық өскенін көрсетеді. «ҚазАгроның» инвестициялық жобаларын жүзеге асыруға 120 миллиард теңге жұмсалған. Нәтижесінде 27 жоба қолданысқа беріліп, 1200 жұмыс орны ашылды. Сонымен қатар, маңызды әлеуметтік жобалар іске асырылуда, мектептер мен ауруханалар салынып, мыңдаған ауыл таза ауыз сумен қамтамасыз етілді», деді - Президент.
Мемлекет басшысы ендігі міндет - ауыл шаруашылығының әрі қарай дамуын қамтамасыз ету екенін айрықша атап көрсетті. «Мәселен, 2016 жылға қарай Қазақстанның ішкі нарығын толық қамтамасыз етумен бірге, шетке 60 мың тонна ет экспорттау көзделіп отыр», - деді Елбасы.