Оның айтуынша, Үндістанда 5 мың туристік агенттік жұмыс істейді. Олардың басым көпшілігі қазақстандықтарды Үнді еліне саяхаттауға шақырып отыр.
«Саяхаттаушылар үшін Үндістанның әр аймағы әр түрлі болып келеді. Өткен жылы елімізге 7 мың қазақстандық азамат саяхат жасады. Бұл көрсеткіш біз үшін мүлдем аз. Алдағы уақытта Үндістан басшылығы бұл көрсеткішті арттыруға күш салғалы отыр», деді М. Жәбед.