Біздің мемлекеттік қызмет жүйеміз сәтті дамуы үшін бар күш-жігерімді жұмсаймын - Ә.Байменов

АСТАНА. 5 шілде. ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/ - Мемлекет басшысының сенім үдесінен шығу үшін бар күш-жігерімді жұмсаймын, деді бүгін Ақордада мемлекеттік қызметкерлердің ҚР Президенті мен халқына ант қабылдауы рәсімінен кейін БАҚ өкілдеріне сұхбат берген Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Әлихан Байменов.

«Мен біздің мемлекеттік қызмет жүйеміз сәтті дамуы үшін бар күш-жігерімді жұмсаймын. Сарапшы ретінде мен тұжырымды құжаттарды және осы салада болып жатқан жайттарды талқылауға қатыстым», - деді ол.

Сондай-ақ Ә.Байменов өз сөзінде Агенттікте бірден кадрлық ауыс-түйіс жасауға ниетті екендігін айтты.