Бұл пікірді бүгін елордада Елбасы Н.Назарбаевтың өкілеттігін 2020 жылғы 6 желтоқсанға дейін ұзарту жөнінде республикалық референдумды өткізу бастамасына арналған митингте «Қазақ мұнай және газ институты» АҚ-ның мұнай өңдеу және мұнай химиясы жөніндегі бас инженері Олег Лызлов білдірді.
«Құрметті отандастар! Біз тарихы терең әрі экономикалық тұрғыда қарқынды дамуға бет алған елде тұрамыз. Біздің балаларымыз жан-жақты дамуға мүмкіндік алса, зейнеткерлерімізге де үлкен көңіл бөлінуде», - деді ол.
Бұл орайда бас инженер Қазақстанда 100-ден астам ұлт өкілердің қоныстануына қарамастан ел тәуелсіздігі жылдарында ешқандай да ұлтаралық қақтығыстың болмағанын баса айтты.
«Бұның барлығы біздің көшбасшымыздың еңбегі. Мен Қазақстанның барлық азаматтары біздің Президентіміздің өкілеттілік мерзімін ұзартуды және референдум өткізуді қолдайды деп ойлаймын», - деді О.Лызлов.