Біздің ұлттық саясатымыз этникааралық әрекеттер мен тұрақтылықты сақтай отырып дамуға бағытталған - Б.Мәкен

АЛМАТЫ. Ақпанның 17-і. ҚазАқпарат / Әділет Мұсахаев / - Бүгін Алматыдағы ҚМЭБИ-де «Қазақстандық этносаралық келiсiм үлгiсiнiң алға басуы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Аталмыш жиынға қатысушылар қоғамдағы сәйкестік пен тұрақтылықты сақтай отырып Қазақстанда тұратын барлық этникалық қауымдардың мәдениетiн қалай сақтап, дамыту керек деген сұрақ төңірегінде әңгіме қозғап, өз пікірлерін білдірді.

ЖОО-ның студенттiк қауымдастығымен әлемде және елде орын алған маңызды қоғамдық-саяси оқиғаларды талқылап, пiкiрталастар өткiзу мақсатында құрылған форум ҚМЭБИ-дің студенттік сұрақтар бойынша деканы, халықаралық журналист Шираз Парачаның бастамасымен өткізіліп отыр.

«Біздің ұлттық саясатымыз этникааралық әрекеттер мен тұрақтылықты сақтай отырып дамуға бағытталған», дейді Алматы қаласы жастар саясаты басқармасының басшысы Бақтияр Мәкен.

Алматы қаласы Медеу ауданы әкімінің орынбасары Берік Мұстафиннің айтуынша, бұл шара дер кезінде өткізіліп отыр. «Елбасы осы жолғы Жолдауында елдің тұтастығы дамудың негізгі жолы деп айтып кеткен», дейді Б.Мұстафин.

Форумға белгілі саясаткерлер, Қазақстан халқы қауымдастығының өкілдері, дипломаттар мен кәсіпкерлер, жазушылар, ғалымдар, үкіметтік емес ұйымдар және дiни конфессиялар өкілдері қатысты.