Кемеге 2,4 мың жолаушы мініп, 840 бөлмеге орналаса алады, деп жазады Лента ру. Кемеде 900 адам қызмет етеді. Жалпы оның ұзындығы - 270 метр, биіктігі 53 метр.
Еске сала кетейік, бірінші Титаник кемесі Белфасте 1909-1912 жылдар аралығында құрастырылған. Ол әлемдегі ең алып кеме атанғанымен 1912 жылы 15 сәуірге қараған түні Атлант мұхитында мұзтауға соғылып, батып кеткен.
00:27, 12 Ақпан 2016
Біздің заманымыздағы жаңа Титаниктің суреттері жариялана бастады (ФОТО)
АСТАНА. ҚазАқпарат - Buzzfeed сайты жасалып жатқан жаңа «Титаник ІІ» кемесінің сызбаларын жариялады, ол 1912 жылы алғашқы сапарында-ақ батып кеткен алғашқы алып кемеге ұқсайды. Жобаны іске асыруды австралиялық магнат Клайв Палмер өз жауапкершілігіне алған. Жоспар бойынша, кеме 2018 жылы Қытайдың Цзянсу портынан Дубайға аттанады.