Мен осы сөзімді бүгін де қайталағым келіп отыр»,-деді бүгін Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов Мәжіліс депутаттарының өзіне сенім білдіргеннен кейін сөйлеген сөзінде.
Үкімет басшысының айтуынша, іс-қимылдардың келісілген түрде жүзеге асырылуы партиялардың өзара ынтымақтастықта қызмет етуі, биліктің заң шығарушы және атқарушы тармақтарының күштерін Мемлекет басшысының жоспарларын жүзеге асыруға жұмылдыруға мүмкіндік береді.
«Яғни, біз алдағы уақытта бір-бірімізбен келісілген түрде жұмыс істеуіміз керек. Бұл біздің жасампаз істеріміздің басты ресурсы»,-деп атап көрсетті К. Мәсімов.