Иорданияда өткен Азия біріншілігінде біздің боксшыларымыз жеті алтын және және бір күміс медальді еншілеп, сондай-ақ, командалық есепте бірінші орын алып, таңғаларлық нәтижеге қол жеткізді, деп хабарлайды Sports.kz .
Теміртас Жүсіпов (49 кг), Берік Әбдірахманов (60 кг), Мерей Ақшалов (64 кг), Данияр Елеусінов (69 кг), Жәнібек Әлімханұлы (75 кг), Антон Пинчук (91 кг), Иван Дычко ( 91 кг) Азия чемпиондары атанды. Әділбек Ниязымбетов (81 кг) күміс жүлдеге ие болды. Сонымен қатар, Данияр Елеусінов Азияның үздік боксшысы болып танылды.
Т. Құлыбаев құттықтау сөзінде Қазақстандағы спорттың дамуына отандық боксшылардың қосқан зор үлесін атап айтты және еліміздің ұлттық құрамасының жаттықтырушылар құрамын үздік нәтижелермен құттықтады: «Мен біздің ұлттық құраманы қазақстандық бокстың шын мәніндегі үлкен жеңісімен құттықтағым келеді. Біздің жігіттер Азиядағы отандық бокс мектебінің басымдығын дәлелдеді. Өздеріңіз білетіндей, жақында Қазақстан өз тарихында алғашқы рет бокс бойынша әлем чемпионатын қабылдамақ және онда да біздің құрама дәл осындай үздік нәтижеге қол жеткізеді деп сенемін. Сіздерге әрі қарай да табыс тілегім келеді!».
Қазақстан құрамасының капитаны және Азия чемпионы Данияр Елеусінов: «Сіздердің барлықтарыңызды осы үлкен жеңіспен құттықтағым келеді және сіздердің бізге осы жылдарда білдірген сенімдеріңіз бен көрсеткен көмектеріңіз үшін алғыс айтамын. Біздің алдымызда әлем чемпионаты бар, және онда біз Қазақстан намысын лайықты қорғау үшін бар күшімізді саламыз!», деді.
Бокстан Қазақстан құрамасының бас бапкері Мырзағали Айтжанов: «Біз жасау керектің бәрін жасадық. Турнирдегі мақсат 3 алтын медальді жеңіп алу болатын, бірақ біздің жігіттер Азия чемпионатында өздерінің үздік бокстарын көрсетті және лайықты жеңіп шықты. Бұл жеңіс - өте атқарылған үлкен еңбектің нәтижесі. Қазіргі уақытта Қазақстан спортын дамыту үшін көп күш салынып жатқаны белгілі. Тимур Асқарұлы, Сіздің сеніміңіз бен ілтипатыңыз бізге әрқашан үлкен биіктерді бағындыруға көмектескен. Алматыдағы әлем чемпионаты жақындап келеді, онда да өз міндетімізді абыроймен орындап, қазақстандық бокс сүйер қауымды тағы да жаңа жеңістермен қуантатынымызға сенемін!», деді.